9 мамыр жеңістің 73 жылдық мерекесі қарсаңында Абай ауданының әкімі А.Татыбаев пен Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұ.Башенов және қаламыздағы балабақшалардың меңгерушілері Ұлы Отан соғысы ардегерлеріне құрмет көрсетті. Отан үшін майдан даласында ерлік көрсеткен жауынгерлер мен ақ жаулықты аналарға мерекелік сый-сияпат жасалып, құттықтаулар айтылды.
Жеңіс күні , бұл –ұлы мереке. ҰОС жылдарында соғысқа 2 млн-ға жуық қазақстандық қатысып, олардың жартысы майдан даласынан оралмады. , Олардың барлығы да жеңісті жақындатуға лайықты үлес қосты. Бүгінде есімдері ел есінде мәңгі сақталатын жандардың да қатары сиреп келеді. Абай ауданында 2007 жылдары 200-ден аса ҰОС ардагерлері болса, бүгінде олардың 18-і ғана қалған. Сондықтан оларды құрметтеп, ардақтау асыл парыз. Ел үшін ерлік жасап отансүйгіштік пен патриоттықтың үлгісін көрсеткен қаһармандар ешқашан да ұмытылмайды.
Осылайша игі істі қолға алған азаматтар бұл күні ардагерлерге мерекелік сый –сияпаттарын жасады. Солардың бірі ҰОС ның ардагері Олег Бирюков. 1921 жылы дүниеге келген майдангер 1942 жылы соғысқа аттанып от пен оқтың ортасында жеңісті жақындатуға үлес қосты. Және бүгінде барша адамзат баласын тек ынтымақ пен бірлікке шақырады.
Тарих қойнауына бойлаған сайын жеңіс тойының жер бетіндегі бейбітшілікті нығайтудағы рөлі соғұрлым асқақтай беретіні сөзсіз. Ал бүгінгі бейбіт өмірге жеткізген аталарға қарыздар екенімізді әлі сан ұрпақ естен шығармаулары тиіс. Мереке қарсаңында құрметке бөленген ҰОС ардегерлері де болашаққа аманат етіп, қаламыздағы «Еркебұлан» бөбекжай — балабақшасының алаңына ағаш көшеттерін отырғызды.
Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Ал елге аман-есен оралғандары ел еңсесін тіктеу жолында табанды еңбек етті. Міне осындай асылдарымызды ардақтаған Абай ауданы алдағы күндері ардагерлерге мерекелік тартулар жалғасын табатынын жеткізді.
Жомарт ЖҰМАГЕЛДИН.