“Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері”. Дәл осы тақырыпта облыс әкімдігінде Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы бағдарламалар Кеңес мүшелерінің қатысумен семинар-тренинг өтті. Жиында Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық жүйесі жан-жақты зерделенді.
Әрбір демократиялы мемлекет адам құқықтарын құрметтеуге, оларды қамтамасыз етуге және заңды бұзбауға міндетті. Осы мақсатта, оңтүстік өлкесіне келген ҚР Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комисся мүшелері адамдардың азаматтық, еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін сөз етті. Сондай-ақ, жиында адам құқықтарын қорғаудың халықаралық жүйесін де жан-жақты түсіндірді.
Аталмыш семинар-тренингке жергілікті құқық қорғау және сот органдарының, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ, жастар ұйымының өкілдеріде шақыртылған.
Олар БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы бақылау функцияларымен таныс болды. Ал, 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы адам құқытарын жалпыға бірдей Декларациясын қабылдады. Онда адамның құқықтарымен бостандықтарын құрметтеу барлық мемлекеттер мен қоғамның аса маңызды міндеті екендігі жария етілді. Бұл демократияда өмір сүру құқығы, барлық адамдардың теңдігі, бостандық пен жеке басқа қол сұғылмаушылық құқығы тұрғын үйді азаматтық және саяси құқықтар алғаш рет айқындалды. Ал, құқықтық сауатсыздық немесе заң талаптарын жетік білмеудің салдары өкінішті жайттарға әкеп соғуы мүмкін. Сол себепті, дәл осындай семинар-тренинг азаматтардың өз мүмкіндігін толықтай пайдалануға сеп болмақ.
Бұл күні семинар-тренингке қатысушылар адам құқықтарын қорғау мен көтермелеу саласында өзара тәжірибе алмасты. Ал, жиын соңында Елбасының бес институционалдық реформасы мен бес әлеуметтік бастамалары, оларды іске асыру тетіктері туралы егжей-тегжейлі талқыланды.
Аяжан ДӘУЛЕТБАЙ.