Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов Өкімімен Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы Тараз қаласы әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Алматы облысы әкімінің орынбасары, 2017 жылдың 15 ақпанынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
АНЫҚТАМА:
Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы 1965 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы», 2003 жылы «Туран» университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде басқарма басшысы, департамент директоры – Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, Алматы облысы әкімінің орынбасары, 2017 жылдың 15 ақпанынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.