БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ТҰЛҒА | "Айғақ" ақпараттық порталы
mvi_2142-mp4-still001

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ТҰЛҒА

Шүкір еткен адамның, төрт жағы да – құбыла, айналасы – шұғыла. «Есті білімін көтереді» дейді дана қазақ. Ісі мен сөзі жарасқан азаматтың  жақсысын жүре танисың. Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаттық корпусына мүше 50 бірдей депутаттың әрбірінің өз сарасы жолы, дара еңбегі бар. Бүгін біз Түркістан қаласының Құрметті азаматы, «Иқан» ЖОМ директоры, «Нұр Отан» партиясы Ескі Иқан ауылдық округі бастауыш партия ұйымының төрағасы Зүппархан Чалдановтың атқарып жатқан жұмысымен таныспақпыз. 2016 жылы сайлауда жеңіске жеткен Зүппархан Субатұлы халық қалаулыларының арасындағы жалғыз мұғалім. 1998 жылдан бері Түркістан қаласына қарасты Ескі Иқан ауылдық округінде Иқан жалпы орта мектебін басқарып келе жатқан білікті басшының еңбегін елі біледі. Биыл тұп-тура 20 жыл. Айтпақшы Иқан жалпы орта мектебі ауыл аймақтың ғана емес, Оңтүстіктің де мақтанышы. Осыдан үш жыл бұрын білім сапасы жөнінен республикадағы үздік жүз мектептің қатарына енді. Әрине, ұстаздардың біліктілігі мен шәкірттерінің түрлі жарыстарда топ жаруы оқу ордасының абыройын асқақтатты.

Салтанат Тойболова.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!