“Бірге жарқыраймыз” фестивалі 30 наурызда Астана қаласынан бастау алған болатын. Фестивальдің эстафетасын тізгіндеген үшінші мегаполюс тұрғындары“Самал” шатқалында жеміс ағаштарын отырғызды. Бұл акцияны өткізуге БҰҰ-ның Даму бағдарламасының қолдауымен әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту жөніндегі қоры мұрындық болды. Мұндағы мақсат экологиялық мәдениетті насихаттау арқылы қала аумағын түрлендіру және Оңтүстік өңірінде органикалық таза жеміс өнімдерімен қамтамасыз ету. Іс-шараға қатысқан өңір басшысы қоршаған ортаның маңыздылығын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Естеріңізде болса, былтыр облыс әкімі Ж. Түймебаевтың қолдауымен “Шатқал” бағдарламасы жүзеге асқан болатын. Нәтижесінде қаламыздағы бос жатқан сай-саланың барлығына, шырша, қарағай көшеттері отырғызылды. Саябаққа егілген ағаштардың барлығына тиісті сала мамандары жауапты. Яғни, оларды күтіп баптау және қорғау ары қарай ағаш егу жұмыстарын жүргізетін болады. Ал, шатқалдарға 19 399 м қоршау жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттерінің өсіп өнуіне қолайлы жағдай жасалынған.
“Шатқал” бағдарламасының алғашқы кезеңі бос жатқан жерлерге ағаш отырғызып, қараусыз қалған шатқалдарды халық демалатын орынға айналдыру. Бұл әдіспен салынған саябақтар әлемнің өркениетті дамыған елдері табиғи ланшафты сақталған деп жоғары бағалап, сүйікті демалыс аймақтарына айналдырған. Өткен жылы дәл осы “Самал” шатқалына 5 мың түп ағаш егілген болатын. Енді міне тағы да 80 мың түп жеміс ағаштары отырғызылды.
Шымкент қаласын дамыту әрбір азаматтың өзіндік борышы. Сондықтан қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, шаһардың гүлденуіне өз үлесін қосу аззамматтық іс.
Алдағы уақытта шатқалды көгалдандырудың нәтижесінде қала экологиясы біршама жақсармақ. Қала тұрғындары саябақта серуендеп қана қоймай, балалар алаңшасы, шахмат және дойбы ойнауға, вело жолдар мен театрлық сахна ел игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр. Іс-шара қорытындысында “Бірге жарқыраймыз” фестивалінің эстафетасы Ақтөбе қаласына жолданды.
Аяжан Дәулетбай.