Әбдіғани Ташқараев — Ақсақ Темірдің туған жерінде | "Айғақ" ақпараттық порталы
tash-6

Әбдіғани Ташқараев — Ақсақ Темірдің туған жерінде

2018 жыл —  Қазақстандағы Өзбекстан жылы деп жарияланды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Біздің тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз достық қарым-қатынастарымыздың маңызды факторы болып саналады. Біз 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылын өткізуге келістік. Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізу де күн тәртібінде тұр. Осы бастамалар аясында өткізілетін түрлі іс-шаралар бауырлас халықтарымыздың жақындастығын одан әрі тереңдетуге септігін тигізеді», – деген еді.Өзбекстан мен Қазақстан президенттерінің кездесуінде осындай шешім қабылданған. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың маңызды екенін айтты.

tash-0

Осы тұста қос елдің мәдени, тарихи, экономикалық қарым-қатынастарын насихаттауды мақсат тұтқан оңтүстікқазақстандық делегация  «Айғақ» телеарнасымен бірге үстіміздегі жылдың 11-15 сәуір аралығында Өзбекстан Республикасына арнайы сапарда жүр. Делегация жетекшісі Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы», ОҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әбдіғани Ташқараев сапардың алғашқы күнінде Азияның белгілі қолбасшысы болған  Әмір Темірдің  туған жеріндегі /Ходжа Илгар (Яккабак) близ Кеша (Шахрисабз)/  киелі орындармен танысты. Сонымен қатар, бүгін Самарқанд қаласында Әмір Темірдің және Өзбекстанның тұңғыш Президенті И. Кәрімовтың кесенесіне барды.

tash-9 tash

Суретте: делегация мүшелері — ел ағасының тұңғыш немересі, Ұлт Көшбасшысының есімімен арнайы атаған Нұрсұлтан, ОҚО Құрметті азаматы Әбдіғани Ташқараев, ОҚО мәслихатының депутаты Дулат Әбіш, «Ұлытау» тарихи-өлкетану мұражайының бас ғылыми қызметкері Нұрсұлу Райымова, Шымкент қаласындағы мешіт имамы Әділбай Тойшиев.

tash-8

Бұған дейін делегация жетекшісі Әбдіғани Ташқарев қазақтың даңқты қолбасшысы Кетбұқаның дүниеден өткен жері Израиль мемлекетінің Айн Жалут шайқасы болған тарихи орынға барған.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!