2000 жылдары Қазақстан қоғамында БАҚ рөлі өсе түсті. Согдықтан ақпарат кеңестігін дамытудың жаңа бағыты жөніндегі мәселе саяси реформалар бағдарламаларының басым бағыттарының біріне айналды. Қоғам мен БАҚ-тың билік пен журналистердің ортақ жауапкершілігі жөніндегі мәселе де ерекше маңызды еді.
Ақпарат саласының дамуы БАҚ-тың, әсіресе жеке ақпарат құралдарының саны жылдам өсуімен де ерекшеленеді. Бұл демократияландыру мен либералдандыру жалпы бет бұрғанымызды анық байқатты. 2001 жылы Қазақстанда 1,4 мың БАҚ тіркелсе, 2007 жылы олардың саны 7 мыңнан (79 проценді – мемлекеттік емес, 21 проценті – мемлекеттік) асты. Қоғамдық – саяси және экономикалық үдерістердің факторы ретінде БАҚ рөлінің артуы медиатоптардың пайда болуына жол ашты.
2001 жылы мерзімдік басылымдар қосымша құн салығынан босатылды, ал телерадиокомпаниялардың өз өніміне салық нөлдік мөлшерлемемен салынды. Десекте шетелдік өнімді ретрансляциялауға шек қойылды. Мұның бәрі отандық телевизияның дамуына серпін берді, ақпарат нарығына оң әсер етті.
Мен қашанда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі арта түсуін, БАҚ-тың редакциялық саясатының тәуелсіз болуын кепілдендіруді жақтадым. Бұл принциптер 2007 жылғы Конститутциялық реформаның бір міндеті ретінде көрсетілді. Сөйте тұра, мен баспасөздің қоғам алдында өз жауапкершілігін сезініп, тек құқықтық негізде әрекет етуі тиіс екендігіне сенемін.
Осы принциптердің өмірге кірігуі БАҚ туралы қолданыстағы заңға өзгерістер енгізуге жол ашты. Алауыздық тудырушы БАҚ қызметі шектелді, «Хабар» агенттігін мемлекеттік бақылау қалпына келтірілді.
Интернет саласы ерекше дүмпуді бастан кешірді. Жеке интернет-БАҚ пайда бола бастады. Бүкіләлемдік желінің Қазақстандағы қолданушыларының саны 2 миллион адамнан асты. Қазақстандықтар интернеттен жаңалықтар мен кітап оқып, музыка тыңдап, фильмдер көре бастады. Қазақстандық беделді блогерлер іріктеліп шыға бастады.
Дегенмен бүкіләлемдік желі жағымсыз дүниелерді де тарату мүмкіндігін ала келді. Көптеген ресурстар тексерілмеген, жалған, алауыздық тудырушы ақпараттарды жариялады. Өз есімін жасырған аноним қолданушылардың комментарилерінде түрлі жанжалдың отына май құятын, әдептілік пен төзімділік талаптарынан алыс арандатушы пікірталастар аз болған жоқ.
Интернет – ресурстардың құқықтық алаңнан тыс қала бермейтіні анық еді. 2009 жылдың шілде айында олар БАҚ-пен теңестірілді және соған тән жауапкершілікке ие болды.
Жалпы алғанда, ХХI ғасырдың басы ақпарат саласы үшін оңтайлы уақыт болды. Бұл кезеңнің басты қорытындысы – әлемдік және аймақтық ақпарат кеңістігімен өзара ықпалдас ұлттық кеңістігімізді қалыптастыра алғанымыз.