Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен қызметкерлер үшін салық төмендетіледі, деп хабарлаы ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
«Жалақы мөлшері төмен жұмыскерлердің жеке табыс салығының мөлшерін азайту мәселесі пысықталатын болады. Жеке табыс салығын салу тәртібі мен әкімшілендіру тетігін қарау жоспарланып отыр», — деді Т. Сүлейменов сейсенбідегі үкімет отырысында.
«Бұдан басқа жеке табыс салығының прогрессивті шәкілін енгізу мүмкіндігі зерделетін болады. Іс-шаралар тамыз айында аяқталады. Алайда жаңа тетікті енгізу (Жалақы мөлшері төмен жұмыскерлер үшін -ҚазТАГ) жаңа салық кезеңінің басталуына байланысты 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді», — деп түсіндірді министр.
Ол нақтылағандай, аталмыш жұмыстар мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 5 әлеуметтік бастама – «Жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін салық жүктемесін төмендету» аясында жүргізіліп жатыр.
«Оның негізгі орындаушысы – ұлттық экономика министрлігі. Аталмыш бағыт аясында салық заңнамасының нормаларын өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда», — деді Т. Сүлейменов.