Атырауда мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді | "Айғақ" ақпараттық порталы
117

Атырауда мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді

Атырауда мемлекеттік қызметшілерге жаңа жалақы төлеу жүйесі енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау облысында Мемлекет басшысының тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеу жөніндегі жаңа пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл жоба лауазым өкілеттіктерін орындауды бағалауда факторлық-балл шкаласын қолдануды қарастырады. Айлық жалақы мөлшері қызметшінің өкілеттігіне, шешілетін мәселелердің күрделілігіне және әрбір қызметшінің нәтижеге қол жеткізудегі жауапкершілігіне байланысты айқындалады»,-деп хабарлады» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Жалақы төлеудің жаңа жүйесі жұмыскерлерді материалдық ынталандырудың бұрынғыға қарағанда ықпалды тетігін енгізуді қарастырады.

Осыған дейін, Қазақстанның 4 мемлекеттік мекемесінде жаңа жалақы төлеу жүйесі қолданылатыны айтылған болатын.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!