Бүгін 1 наурыз Алғыс айту мейрамы — бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан азаматтардың бірі-біріне құрмет көрсетіп, игі істері мен ізгі мейірімділіктерін танытып, өзара қолдау күні. Айтулы мерекелік шараны Ордабасы ауданы да атап өтті. Іс-шара аудан орталығындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Ең алдымен аудан әкімі Рашид Қайыпжанов ордабасылықтарды мерекелерімен құттықтады.
Сондай-ақ, көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген бұл мейрамда өзге ұлт өкілдері бауырмалдылық танытқан қазақ халқына алғыстарын жеткізді. Аталмыш шарада қазақтың дәстүрлі әндерін орындап, ұлттық билерін биледі. Сонымен қатар, театрландырылған сахналық қойылым қойылып, түрлі тағамдардан тарту етілді. Іс-шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар Ордабасы ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Жомарт БЕГІМБЕТ.