Әкімдіктің мәжілісінде Шымкент басшысы Нұрлан Сауранбаев атқарушы органның барлық жұмысы жаңа жүйе бойынша жүргізілетінін айтты.
Сонымен, 2018 жылға жоспарланған жұмыстар негізгі 5 бөлімге бөлінді…
Бірінші – ағымдағы жұмыс:
— бюджетті игеру;
— 151 индикатордың орындалуы;
— орындаушылық тәртіп (ішкі және сыртқы хаттар)
Екінші – ыстық нүктелер
Үшінші — халық алдындағы есептегі міндеттер. Оның ішінде: халықты толғандыратын мәселелер:
— тұрғын үй коммуналдық – шаруашылық;
— жол және қоғамдық көлік;
— қоғамдық қауіпсіздік;
— әлеуметтік салалар.
Төртінші — тапсырмалардың орындалуы (мәселен, металлургшілер және фосфоршылар сарайын қаланың меншігіне қайтару).
Бесінші — қаланың даму жоспары.
Осының барлығы әкімдіктің «Жол картасына» айналды.
Қала басшысы әрбір индикатордың 100 пайыз орындалуының маңыздылығын айтып: «Барлық жұмыстың орындалуын бақылауға ала отырып, өз саласы бойынша қала әкімінің орынбасарлары, аппарат және бөлім басшылары дербес жауапты болады» — деді.
Қала басшысы Шымкенттің дамуы туралы да сөз етті. Олар, «Жасыл белбеу», «Қауіпсіз қала», «Ақылды қала», «Кедергісіз орта», сондай-ақ жаңа жобалар – «Аэропорт», «Арбат», «Шымкент сити», «Цитадель».
Жаңа жобаларды іске асыруда Концепция жасалатын болды.
Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық саласындағы үлкен мәселе — монополистер мен жаңа абоненттер арасындағы күрмеу шешімін табу қажет. Осыған сәйкес, қала басшысы құбырдан абонентке дейін қосылған жұмыстарды монополист мекемемен бірлесіп атқаруды тапсырды.
ТҮКШ бөліміне жеке меншік трансформаторлар мәселесін шешуді тапсырды. «Қазір ТҮКШ бөлімі мәселені «Оңтүстік Жарық транзитке» сілтейді. Ал, олар мәселені шеше алмайтындарын айтады. Нәтижесінде халық қиналады».