Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев автожолдар құрылысының сапасын жақсарту жұмысында әдістерді өзгертуді тапсырды.
«Қазіргі норматив (автожолдар құрылысы бойынша – ҚазТАГ) баяғыда ескірді. Жолдың қазіргі сапасына баса назар аудару қажет, нормативке емес. Бір кездері балабақшаларды да сарай сияқты қылып салып еді. Мемлекетте ақша көбейсе, тәбеттері де ашылады. Министрлік (ҚР инвестиция және даму министрлігі – ҚазТАГ) не үшін керек? Мемлекеттік қаржының жұмсалуын қадағалау үшін қажет. Бұл — сенің (ҚР ИДМ басшысы Жеңіс Қасымбек — ҚазТАГ) жұмысыңдағы кемшілік. Жол сапасын жақсартудағы әдістерді өзгерту керек», — деді Н. Назарбаев жұма күні үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Бұл ретте ол түсіндіргендей, «өңіраралық жолдарға бірінші кезектегі республикалық жолдарды ғана қайта бағыттауға болмайды».
Мемлекет басшысы сондай-ақ, «ҚазАвтоЖолға» қатысты сот ісін де еске салды.
«Қазір салынып жатқан жолдардың сапасы, тиімділігі мен ашықтығы мәселесі (бар — ҚазТАГ). Осындай тәртіпсіздік салдарынан құқық қорғау органдары «ҚазАвтоЖолдың» барлық дерлік басшылығын қамауға алды. Ішінде аймақтық филиалдардың жетекшілері де бар. Әрине, бұл жақсылықтың нышаны емес. Осының өзі басшылықта секілді жол сапасы бойынша да үлкен кемшіліктердің бар екенін көрсетіп отыр. Өзгерту керек. Асқар Ұзақбайұлы (ҚР бірінші вице-министрі А.Мамин –ҚазТАГ) қара. Осы мәселелерге қарамаған Қасымбекпен бірге», — деді Н. Назарбаев.