Пхенчхан қаласындағы Олимпиадалық ауылында Қазақстанның туы көтерілді, деп хабарлайды тілші.
«Оңтүстiк Кореяның Пхенчхан Олимпиялық ауылында Қазақстанның туын көтерді. Салтанатты рәсімге Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев, спортшылар, сондай-ақ қазақстандық спорт делегациясының мүшелері қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның ұлттық құрама командасы 2018 жылғы Олимпиадаға 57 рұқсатнаманы жеңіп алды. Шорт-трек өкілдерінен және конькимен сырғанау өкілдерінің көпшілігі — 12 жолдамадан. Қазақстандық команданың туын ұстаушы және капитаны — шорт-трекші Абзал Әжғалиев.
Оңтүстік Кореядағы XXII қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді. Оған әлемнің 95-тен астам елінен 2,9 мыңнан астам спортшы мен шенеуніктер қатысады деп күтілуде.
Фото: kaz.tengrinews.kz