Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев 2018 жылы қаңтар айындағы жылдық есебінде төмендегі іс-шаралардың жүзеге асырылатынын хабарлады. Атап айтқанда:
— 2017 жылы басталған Құралбаев және Али Бекенов көшелеріндегі бес қабатты 60-пәтерлі екі тұрғын үйлердің құрылысын аяқтауға – 514,4 млн.теңге;
— Қала аумағында салынатын 5 дана 60 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына – 1445,5 млн. теңге;
— Қарнақ ауылындағы 300 орындық «Ақын тума» орта мектебінің құрылысына – 50,0 млн.теңге;
— Кентау көпсалалы колледжінің 300 орындық жатақханасы құрылысына – 218,9 млн. теңге;
— Ауысымына 500 адам қабылдайтын жедел жәрдем стансасы бар қалалық емхананың құрылысына – 838,8 млн. теңге;
— Ащысай, Қарнақ және Хантағы ауылдарында 12 пәтерлі 3 көп қабатты тұрғын үйлер құрылысына — 206,43 млн.теңге;
— Қ.Құралбаев атындағы орталық стадионын қайта құруға – 171,6 млн.теңге;
— Ы.Алтынсарин атындағы №1 және Ататүрік атындағы №4 мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына – 237,0 млн.теңге;
— қаладағы «Кеншілер» саябағын күрделі жөндеуге – 22,5 млн. теңге;
— Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы жолдарды және қаладағы жаяу жүргіншілер жолдарына орташа жөндеуге – 48,9 млн. теңге;
— Тохтаров, Төлеби, Пушкин, Молда Мұса, Б.Бүргем, Еңбекші және Көктөбе көшелерін орташа жөндеуге – 87,8 млн. теңге және Ғ.Мұратбаев көшесін күрделі жөндеуге – 72,0 млн. теңге;
— «Кентау қаласындағы су құбырлары жүйесін қайта құру» жұмыстарының ІІІ кезеңінің жұмысына – 154,7 млн. теңге;
— 74 ықшам ауданының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына – 201,3 млн. теңге;
— Кентау қаласындағы су тазартқыш стансасынан Шұғыла мөлтек ауданына суаққының құрылысына – 283,1 млн. теңге;
— Қарнақ ауылының су өткізгіш тораптарының құрылысына – 278,2 млн. теңге;
— Кентау қаласын газдандыруға – 1593,4 млн.теңге;
— Қарнақ, Құшата, Байылдыр ауылдарының ішкі газ құбырының құрылысына ЖСҚ әзірлеуге – 22,4 млн. теңге;
— 10 дана көп қабатты 60 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйлер салу үшін ЖСҚ әзірлеуге – 40,0 млн. теңге;
— Хантағы ауылындағы №5 және 6 жалпы орта мектептердің спорт зал құрылыстарына ЖСҚ әзірлеуге – 8,0 млн. теңге;
— «Астана» мөлтекауданына инженерлік инфрақұрылым құрылысы үшін ЖСҚ әзірлеуге – 50,0 млн. теңге;
— Көпқабатты тұрғын үй аулаларына 6 дана «Стритбол воркаут» спорт алаңшаларын орналастыруға – 43,6 млн. теңге;
— «Жасыл аймақ» бағдарламасын орындауға 12,5 млн. теңге;
— Қала аумағына жасыл желектер отырғызуға – 16,9 млн. теңге;
— Санитарлық тазалыққа – 60,0 млн. теңге;
— Қаладағы 6 көшенің қиылысына бағдаршамдар орнатуға – 29,3 млн. теңге, 11 дана бейнебақылау камераларын орнатуға – 16,0 млн. теңге;
— «Кентау-Ащысай» бағытында жолаушыларды тасымалдау қызметін субсидиялауға — 2,0 млн. теңге қаралды.