2017 жылы «Тұран» шағынауданынан баспаналы болған отбасылардың қуанышы ұзаққа созылмады. Себебі, ондағы тұрғындар жылу қуатының төлемдерін өлшеуіш құралдың көрсеткішімен емес, жалпы есептеумен төлеуге мәжбүр. Ал бұл жағдай «қуат жылу орталығына тиімді, халыққа тиімсіз» дейді қапрапайым бұқара. Бұл туралы арыз — шағымды тұрғындар «Айғақ» телеарнасының басшысы Дулат Әбіштің ұялы телефонына аудиожазба келіп түсті. Телеарна басшысының тапсырмасымен журналистік зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында төмендегі мән-жайлар анықталды.
Өткен жылдың қазаны мен қарашасында «Нұрсәт» шағын ауданынан баспаналы болған 675 мемлекеттік қызметкерлермен бірге , бағы жанған жас отбасыларға да «Тұран» шағын ауданындағы бес қабатты 16 үйдің пәтер кілтін облыс әкімі табыстаған болатын. Түймебаевтың қолынан пәтерінің кілтін алып, «төбесі көкке бір елі жетпей қалған» жас жанұяның бірі Сәтбаевтар. Су жаңа пәтердің егесі Асқар, алайда алаңдап отыр. Оған негіз де жоқ емес. Айдың соңында жылуға келетін коммуналдық төлемнің ғарыштық бағасы-проблема! Асқар Сәтбаев пайдаланылған жылуға теңгесін төлеуден қашпайды. Тек заң шеңберінде болса болғаны дейді.
«Жылуға келген түбіртек шаршы метрмен есептелген. Оның ішінде әлі келмей жатып, қараша айынын бастап та есептеп жіберген. Ал негізінде бізде мұнда арнайы өлшеуіш құралы тұр. Жұмыс істеп тұр. Бірақ бұл экспонат па деп ойланып қаламын. Неге десеңіз, бізге осы құрылғымен есептемей, шаршы метрмен есептейді. Енді қай отбасының да болсын, артық жерде шашылып жатқан ақшасы жоқ кой. Біз енді талап етеміз,нақты жылу есептуіш құралмен есептесін! Айына он мыңнан келген, ал жылу есептеуіш құралмен келсесол сомманның тек жартысы ғана келеді», — деді «Тұран» шағын ауданының тұрғыны Асқар Сәтпаев.
Осылайша ай сайын келетін коммуналдық төлемдер тұрандықтардың тыныш ұйқысын бұзған. Жылу түбіртегінің түрлі бағасына ашынған халық, тұтынылатын жылуды әр үйдің кіреберісіне бекітіліп қойылған өлшеуіш құралымен емес, пәтерлердің шаршы метрімен есептеу «Қуат Жылу Орталық-3» тиімді болып отыр дейді тұрғындар.
«Біз де мынау көшіп келгеннен бастап счетчик көрсеткішін жазып алғанмын. Су, свет, жылу болсын! Сол өлшеуіш құралмен төлейміз. 28578 теңге келіпті айына. Дұрыс емес деп ойлаймын. Барып тұрған қалтаны қағу», — дейді Әлия Тастаева.
Қоныс тойын тойлап үлгермей,тоңып үлгергендер шикіліктің барлығын жауапты мекемелерден көреді. Үй құрылысын жүргізіп, тайып тұрған компания мен халықтың артық көк теңгесі жоқ, қалтасына басын ауырта бермейтін жылу орталығының салдарынан осы күйдеміз дейді Тұрандықтар
Бізде жертөледе өлшеуіш құрал бар. Ол мемлекеттің заңда қойып берген есептуіш құралы болып есептеледі. Ал оны Жылудағылар қабылдап алмадық дейді. Ал «Отау Строй» кезінде оны тапсырдық дейді. Әйтеуір екеуі бір-бріне жауып жатыр.
«Өткен жылдан бері күрмеуі қиын шаруаға айналған жылу төлемақысын «Қуат Жылу Орталық-3″ мамандары да растап отыр. Қазіргі таңда пәтерлердегі өлшеуіш құралары іске қосылмаған, өйткені техникалық құжаттары тапсырылмады деген, жылудағылар кінәлі құрылысты жүргізген мердігер компания «Отау Строй» дейді. Жауапты мамандардың сөзіне сенсек, тұрандықтардың түйіткілді мәселесі таяу арада шешіледі. Ол үшін мердігер де, жылу орталығы да бірлесіп ортақ күш салуда екен», — деді Бахыт Әлиасқаров.
«Ақаулар жертөледегі тепловой пункт бойынша. Жылу есептеуіш құралы бойынша да біраз ақау бар. Яғни, дұрыс қондырылмаған. Салдарынан, ол ертеңгі күні төлемақыны дұрыс есептемейді . Қазір он күндік мерзім ішінде ретке келтіру туралы мәселе қозғадық. Компания тарапынан әр жертөлені тексеру жұмыстары жүргізілді. Ақаулар анықталды. Жақын күндері есептеуіш құралдардың кемшін тұстары дұрысталып, Тұран шағын ауданының тұрғындары сонымен төлейтін болады», — деді «Қуат жылу орталық — 3» МКК-ның бөлім басшысы Асқар Бөлешов.
Салтанатты түрде пәтер кілтін алаулатып-жалаулатып алғандар өздеріне енді сабырлықты серік етуге мәжбүр. Сырты бүтін, іші түтін болған Тұрандағы үй басшылардың құрғақ сөзі болмаса, жақын күндері айы оңынан туады.
«БАҚ өкілдерін пайдалана отырып мен ОҚО әкімі Түймебаев мырзадан және Шымкент қаласының әкімі сұранамын! Осы мәселені тікелей өз назарына ұстаса. Өйткені, бұл жердегі тұратындардың 80 пайызы жас отбасылар. Ал жас отбасыны білесіз, жағдайын… Үкімет, рахмет үй салып берді. Алайда біз оны тегін алған жоқпыз ғой. Қаржысын ай сайын қыруар қылып төлеп отырмыз. Мен өзім 80 мың төлеймін. Ар жағында осындай артық шығынмен коммуналдық төлемдерді төлесек, бала-шағаны қалай асыраймыз?!», — жуырда бағдарламамен жас шаңырақ иесі атанған Асқар Сәтбаев.
Журналистік зерттеу өз жалғасын табады.