Қазақстандықтар Белорусь-Ресей шекарасынан әуекөлігімен жеке куәлік арқылы емес, тек ҚР ұлттық төл құжатымен ғана өте алады, деп хабарлады РФ-дағы ҚР елшілігінң сайтынан.
«Қазіргі уақытта қолданыстағы Ресей Федерациясына шетелдік азаматтарға кіру және кету тәртібін анықтайтын үкіметаралық келісімдерде халықаралық жолаушылар тасымалы үшін ашық бақылау пункттері арқылы Ресейдің мемлекеттік шекарасынан өтуді қарастыратын ереже қамтылған.
Қазақстан Республикасының азаматтары Беларусь-Ресей шекарасын әуе арқылы немесе үшінші елдер арқылы тек Қазақстан Республикасының ұлттық төлқұжаты арқылы өтеді.
Бұл ретте ҚР азаматтарының үшінші елдердің халықаралық өткізу пункттері арқылы Ресей мемлекеттік шекарасынан жеке куәліктерімен өтуі қарастырылмаған», — делінген бейсенбіде жарияланған хабарда.
Сонымен қатар, Белорусь-Ресей мемлекеттік шекарасында РФ 2008 жылдың 26 маусымындағы №482 қаулысымен белгіленген тәртіппен орнатылған және ашылған өткізу пункттері жоқ.
Оларды құзырлы органдардың орналастыруы қарастырылмаған, оның үстіне аталмыш рәсімдер ұзақ сипатқа ие, ол да үшінші ел азаматтарының (соның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының да) Белорусь-Ресей мемлекеттік шекарасын теміржол немесе автомобиль көлігімен заңды кесіп өту мүмкін емес.
Осы уақытқа дейін Ресей мен Белоруссияға үшінші ел азаматтарының келу, кету және болу режимдері толық деңгейде келісілмеген. Атап айтсақ,Одақ мемлекетінің ішкі шекарасы арқылы Ресей Федерациясынан шығу және Ресей Федерациясына кіру тәртібі, мемлекет тараптарының аумақтары бойынша транзитпен жүру белгіленбеген.