«Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті. Жиында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы насихатталды.
Мемлекет басшысы еліміздің болашақтағы жолын нақтылап, айқындайтын Жолдау жасады. Жолдаудағы әр мәселе, әр салаға байланысты берген тапсырмалары өте орынды деп есептеймін. Әсіресе, экономикалық дамуда ғылымның алатын орны, атқаратын қызметі ерекше, сондықтан да индустрияны ғылыми негізде дамыту алға қойылып отыр, — деді Ж.Түймебаев.
Жиынның күн тәртібіндеге өзекті мәселе, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Сондай-ақ, Саяси құрам мүшелерін жаңадан тағайындау мәселесі еніп отыр.
Шарада Халықаралық «Туркология» орталығының ғылыми-қызметкері Қазыбек Тәжиев баяндама жасады. Сонымен қатар, «Дустлик» өзбек ассоциациясының төрағасы, өзбек драма театрының директоры Икрам Хашимжанов және облыстық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі Нұралы Әбішов, т.б. халық қалаулыраны Жолдаудың Қазақстан халқы үшін өте маңызды екендігін атап көрсетті.