«Халықаралық білім беру -2018» көрмесі өтті. | "Айғақ" ақпараттық порталы
111

«Халықаралық білім беру -2018» көрмесі өтті.

2018-2019 жылдары  оқуға түсемін деген жас талапкерлерге арналған «Халықаралық білім көрмесі» өтті.   Екі күнге созылып отырған  жәрмеңкенің  мақсаты, білім  саласындағы халықаралық ынтымақтастықты арттыру, шет елдегі   стипендиялық бағдарламалардың мүмкіндіктері  жайында бітіруіші түлектерге нақты ақпарат беру. Шымкент қаласындағы өткен  Халықаралық көрменің  ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, келуші қонақтарға өңіріміздің білім саласындағы мүмкіндіктерін айтты.

Жалпы,  дүние жүзі бойынша, 35  мемлекетте 12 мыңнан астам қазақстандық, жас әрі дарынды  азаматтарымыз   білім алады. Оның ішіндегі 300-ден астамы жастар. Яғни, «Болашақ» бағларламасы аясында өзіндік талпыныстары арқасында білім алып жатқан Оңтүстіктің мақтаныштары.

Көрмеде Қазақстан,  АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа мен Азия  және ТМД елдерінен нақты саны  83  бірдей жоғарғы оқу орындары, тіл үйрету мектептері мен білім агенттіктері қатысып  түлектерді өзіндік мүмкіндіктерімен таныстырды.  ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен  өткізіліп отырған бұл жәрмеңкеге бірінші күннің өзінде 4 мыңнан астам жастар келді.

Көрмеде  оқу ордалары жөнінде жақынырақ ақпарат алып жүрген түлектердің барлығы,  болашақтағы әр бір мамандықтың иесі. Сондықтанда, өзіндік қабілеті, өзіндік қалауымен мамандығын қателеспей дұрыс  таңдау қажет. Жеті рет өлшеп барып  бір рет кесетін кез бұл.

Статистикалық мәлімет. Бүгінде шет елде білім аламын дейтін, жастардың саны азайыпты. Себебі, халық «Болашақ» бағдарламасы туралы ақпаратпен қанықпағандығынан. Бұл әрине мамандардың сараптау нәтижесінде айтылды.   

«Бүгінде шетелге барып білім алуға ниетті азаматтардың саны өте аз. Өйткені, халық «Болашақ»  бағдарламасы  туралы ақпаратпен  қанықпаған деп ойлаймын. Осы мәселені, шешу  мақсатында әлемнің  дамыған елдерінен және отандық жоғары оқу орнының өкілдерін шақырып, осындай білім көремесін ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз- өзге елге барып, білім алатындардың қатарын көбейту. Қазіргі таңда өзге елдерде оқитын жастардың 85 %-ы  Астана, Алматы қалаларына тиесілі. Енді оңтүстікқазақстандық жастардың санын арттырсақ деген жоспар бар» —деді «Халықаралық бағдарламалар» АҚ-ның  Президенті Жанболат Мелдешов.

Ұлдархан УӘЛИХАНҚЫЗЫ




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!