Алматы облысында полиция қызметкері бастығын өлтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі аймақтық соттың ресми сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өз бастығын атып тастаған, Достық бекетіндегі ІІЖБ-нің жедел уәкілі болып қызмет атқарған полиция қызметкеріне қатысты үкім шықты.
Еске салайык, кісі өлтіру оқиғасы Алакөл ауданындағы Бескөл кентінде 2017 жылы қыркүйек айының 14-нен 15-не қараған түні болған.
Сот үкімімен ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Д. кінәлі деп танылып, 8 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды. Оған қатысты жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу тағайындалды.
Дереккөз: