Соңғы бес жылда 56 сот сараптамасы қызметкері туберкулезге шалдыққан. Бұл турлы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров үкімет сағатында мәлімдеді, деп xабарлады Baq.kz тілшісі.
«Соңғы бес жылда сараптамалық мекемелердегі 56 дәрігер, мейірбике, санитар жұмыс орнында туберкулезге шалдыққан. Ал 26 қызметкер әртүрлі вирустық гепатитпен ауырған. Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды облысында ғана мұндай жағдай тіркелмеді. Яғни, жұқтыру қаупінен ешкім сақтандырылмаған», — деді Нұрлан Әбдіров.
Оның айтуынша сот медициналық және сараптамалық орталықтары біріктірілген соң ВИЧ/СПИД жұқтырған мәйітпен жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу тоқтатылған. Сонымен қатар, сот сарапшылары алатын жалақының аздығы бұл салаға келетін мамандардың азаюына себеп болып отыр.
«20 жылдық еңбек өтілі бар жоғары білікті сот сарапшылары айына 120-150 мың көлемінде жалақы алып отыр. Мұндай мамандарға жүктелген жауапкершілік пен псиxологиялық жүктеме жоғары ғана емес, сондайзақ ВИЧ/СПИД, туберкулез, С гепатиті секілді аурларды жұқтыру қаупі бар», — деді ол.
Дереккөз: baq.kz