Бүгін Шымкент қаласының Құрметті азаматы, медицина ғылымының докторы, профессор Иманәлі Оспанұлы Байдәулет дүниеге келген.
Иманәлі Оспанұлы (1948 жылы туған, Арыс қаласы) – Москва медицина институтын бітірген (1972). 1972 – 1973 жылдары ОҚ облыстық ауруханада интерн-дәрігер. 1973 – 1975 жылы Алматы қаласындағы әскери бөлімде медицина пунктінің бастығы, 1975 – 1976 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында стажер-ізденуші. 1976 – 1977 жылдары облыстық ауруханада дәрігер ординатор, 1977 – 1984 жылдары бас дәрігердің орынбасары. 1984 – 1988 жылдары облыстық аурухананың неврология бөлімшесінің меңгерушісі. 1988 жылдан Шымкент қаласы «Фосфор» медицина-санаторлық бөлімінде бас дәрігер, 1989 – 1992 жылдары қалалық аймақтық медицина бірлестігінің бас директоры, 1992 – 1993 жылдары облыс әкімінің денсаулық сақтау жөніндегі орынбасары. 1993 – 1996 жылдары «Фосфор» медицина санаторлық бөлімінің бас дәрігері болды. 1997 – 2003 жылдан Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі клиника директоры. 70-тен аса ғылыми еңбектің авторы.