214

Мемлекетіміздегі алтын валюта қордың көлемі қанша болды?

Ұлттық банктің және Ұлттық қордың жалпы резервтерін қоса есептегендегі алтын валюта резервтері 2017 жылғы желтоқсандағы көрсеткіш бойынша 88,8 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Kapital.kz сайтына сілтеме жасап.

Алтын валютадағы резервтер желтоқсанда 0,2% өскенімен, жыл басынан бері — 2,2% төмендеді. Жекелей алғанда мәселен Ұлттық қордың активтері 57,7 млрд АҚШ доллар болса (желтоқсанда 0,26% артып, жыл ішінде 5,71% төмендеген), Ұлттық Банктің халықаралық резервтері желтоқсанда 0,14% өсіп, 31,1 млрд теңгені құраса (жыл басынан бері — 4,7% өсті), ал таза халықаралық резервтер өткен айда 0,15% (жыл басынан бері 4,88% өсті) өсіп, 30,6 млрд АҚШ долларын құрады.

Сонымен қатар, шетел валютасындағы активтер 2017 жылғы желтоқсанда 1,42% (жыл басынан бері — 7,35%) яғни 18,617 млрд соммасына дейін төмендесе, активтер өткен айда 2,55% өсіп (жыл басынан бері 29,96% өсті), 12,498 млрд долларға дейін жеткенін көрсетіп отыр.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!