Жол жүру ережесін бұзып айыппұл төлемей жүргендердің қатары қаламызда жыл сайын артуда. Мәселен, өткен жылы 200 мыңға жуық жол жүру ережесін бұзғандар тіркелген. Өткен желтоқсан айынан бастап заңға бойұсынбай жүргендерді ұстау бойынша қала ішіндегі даңғылдарға жаңа құрылғы орнатылды. Айта кетсек, қала ішіндегі автокөлік көп жүретін көшелер мен даңғылдарда жалпы 479 операторлық камера бар. Дегенмен бұл құрылғы жол ережесін бұзғандарға айыппұл салумен ғана шектеледі. Енді заң алдында жалтарып көлік тізгіндегендерді полиция қызметкерлері оңай құрықтамақ. Айта кетсек, 2017 жылдың 26-шы желтоқсанында орнатылған интегря деп аталатын құрылғы, айыппұлын төлемей жүргендерді анықтап және оларды сол мезетте құрықтауға септігін тигізеді. Сонымен қатар жалған құжатпен жүргендердіде анықтап бермек.
Қазіргі таңда жол ережесін қатаң қадағалау мақсатында көше қилыстарына жалпы 21 «Интегря» қойылған. Сонымен қатар, жаңа құрылғы орнатылғаннан бері 500-ге жуық жол ережесін бұзып айыппұлын төлемей жүргендер ұсталды. Оның ішінде 300 автокөлік иелері салынған айыппулды дер кезінде төлесе 200 төлеуге асықпауда. Жол ережесіне қатысты тағы бір жаңалық қала ортасындағы Қонаев көшесіндегі жүру жылдамдығы 70 км-ге қойылған. Дегенмен қатты жылдамдықпен жүйткитіндер аталған өзгерстерді ескере жүрсін демекпіз.
Мақсат Тоқсанбай