2018 жылдың 10 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының кезекті сессиясында Құдайберген Оңғаровқа қатысты ұсыныс қаралып, оған сессия «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылдады.
Анықтама:
Құдайберген Оңғаров — 1927 жылы Төлеби ауданы Алатау елді мекенінде дүниеге келген. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, еңбек ардагері, Төлеби ауданының Құрметті азаматы. «Қызы жұлдыз» совхозында есепші, бас бухгалтер, «Первомай» МТС бас бухгалтері, «Чапаев» колхозының парторгі, Төлеби ауданы «Большевик» колхозының төрағасы, 30 жыл қатарынан Төлеби аудандық атқару комитетінің депутаты, партия комитетінің мүшесі болған.