«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ын Қазақстан Республикасының бірінші вице-премьері Асқар Мамин басқарды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы 2017 жылғы 14 шілдедегі № 428 Үкімет қаулысына мынадай түзету енгізілсін: осы қаулыға 2-қосымшада «Досаев Ерболат Асқарбекұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мамин Асқар Ұзақпайұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары», — делінген 29 желтоқсан күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың өкімінде.
Аталған қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Дереккөз: ҚазТАГ.