Қазгидромедтің болжамы бойынша 2018 жылы алғашқы айында ауа райы жылы өтеді. Қаңтар айының бірінші онкүндігінде ауа температурасы түнде -10 градустан 0 градусқа дейін, күндіз 0 градустан +10 градусқа дейін жылылықты көрсетеді деп болжануда. Жауын-шашынның айлық мөлшері Оңтүстік Қазақстан облысының тау және тау бөктерлі аймақтарында шамадан тыс, қалған жерлерінде қалыпты мөлшер 8 бен 82 мм шамасында болады.
Мамандардың болжамы бойынша биыл қаңтар айының ауа райы қаыпты, адамдар үшін жайлы болмақ. Яғни орташа температура сақталынады. Дегенмен, қылышын сүйреткен кәрі қыс әлі ақпанда өз міндетін орындар, Сондықтан қыстың қытымыр мінезіне әлі – ақ дайын болыңыздар.
Жансая Елемесова