Әлішер Пірметов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы хатшылығының атқарушы директоры-басшысы қызметіне тағайындалды. Оны ұжымға осы қордық жаңа басшысы Ахмежан Есімов таныстырды.
Жаңа қызметке дейін Әлішер Хабибуллаұлы «Астана ЭКСПО-2017″ ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Еңбек жолын Арыс қаласы әкімшілігінде экономика бөлімінің меңгерушісі, Арыс қаласының әкімінің бірінші орынбасары.
Шымкент қаласында қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет агенттігінің Оңтүстік қазақстан облысы бойынша басқарма басшысы,
Кентау қаласының әкімі, ҚР Туризм және спорт министрлігінде Департаменттер мен аппарат басшысы және жауапты хатшысы, ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің жауапты хатшысы қызметтерін абыроймен атқарған.
Үлгілі отбасында 4 перзентті тәрбиелеп отырған әке.