Шымкентте 26 жас “Үздік жастар премиясы — 2017” сыйлығының иегері атанды. Олардың қатарында дәрігер, ұстаз, спорт шеберлері, БАҚ өкілдері мен өнерпаздар бар. Мерекелік шарада Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев барша марапат иелерін ел тәуелсіздігінің 26 жылдық мерекесімен құттықтап, қоғамда белсенді жастардың алар орны ерекше екеніне тоқталды.
Аяжан Дәулетбай