«Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғ. Әбдірахымов Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында Шымкент қаласындағы «Нұр Отан» партиясының ОҚО филиалының ғимаратында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша бірқатар облыстың басқарма басшыларының есебін тыңдады. Атап айтқанда:
Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы Жамашев Құттыбек Рахматуллаұлы есептік хабарлама жасады.
Облыс мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, «Атамекен корпарациясы» ЖШС-нің директоры Төлтебаев Мұрат Шерімұлы пікірталасу барысында басқармалардың мемлекеттік бағдарлама орындау жұмысына баға беріп, мәселе көтерді.