«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру» тақырыбындағы партиялық тыңдау өткізілді, деп хабарлайды партияның ОҚОФ баспасөз қызметі.
Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасы бірінші орынбасары, кәсіпкерлер палатасының басшылары, аудан, қала жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталығының басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, облыстық партия қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев 2017 жылдың наурыз айынан бастап республика көлемінде жүзеге асырылып отырған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» негізгі мақсаты азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту болып табыладынын атап өтті.
-Бағдарлама шеңберінде облыс бойынша 2017 жылдың 1 желтоқсанына 86950 адам қамтылып, жылдық жоспар 135,2 пайызға орындалды. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға Ұлттық біріңғай тестілеуден өтпеген және оқу орындарына түспеген мектеп түлектері қатарынан 26 мамандық бойынша 27 білім беру ұйымдарына 4584 адам, тегін оқуға жолданды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 85 мамандық бойынша 53 білім беру ұйымдарында 12159 адам оқуға жолданды.Жолданған азаматтар ішінен 9205-і оқуды бітірген, оның ішінде 4286 адам тұрақты жұмысқа орналасқан, — деп нақтылады басқарма басшысы.
Партиялықтарға бұл саладағы атқарылған жұмыстар туралы облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов, «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ ОҚО филиалы директоры Бауыржан Туюмебаев, облыстық кәсіпкерлер палатасы директоры орынбасарының м.а. Данияр Дарменов есеп берді.
Партиялықтар бағдарламаның негізгі мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру, ауыл тұрғындары үшін несие қаражатының қол жетімдігін арттыру, мал шаруашылығы өнімдерін дамытуға ықпал ету, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету туралы және тағы басқа да өзекті мәселелерді сөз етті. — Қоғамдық тыңдау мемлекеттік бағдарламалардың өңірде сапалы іске асырылуын қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. Бүгін айтылған мәселелер
бойынша ұсыныстар беріліп, алдағы уақытта жұмыстарды жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берілетін болады, — деп «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов мәжілісті қорытындылады.