Ата заңымызда ең қымбат қазына деп – адам мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын таныды және декларацияланды. Осыған байланысты, 2013 жылы Бас прокуратураның бастамасымен «Түрме реформасы» жүзеге асырылуда. Реформаның бір бағыты жазасын өтеушілер мен бұрынғы сотталғандарды әлеуметтік оңалту болып табылады. Республика бойынша бүгінгі күнге дейін өз нәтижесін берген жұмыстар өкінішке орай Оңтүстік Қазақстан облысында біраз ақсап тұр. Жұмысты жандандыру мақсатында облыс прокурорының төрағалығымен бүгін Үйлестіру Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Ұлжан Наушабаева.