Қазақстан халқы Ассамблеясының 24-сессиясында Мемлекет басшысы еліміздегі қайырымдылық мақсатындағы іс-шараларды үйлестіруді Ассамблеяға жүктеді. Ал аталған бағытпен өңірде 27-мыңнан астам адамға жалпы-85 млн теңгенің көлемінде заттай және қаржылай көмек көрсетілді. Сондай-ақ 6-науқас бүлдіршіннің еліміздегі іргелі медициналық мекемелерде кезексіз ем алуына ықпал етілген. «Қайырымдылық-қайырлы іс». Дәл осындай игі іске мұрындық болған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымды жандардың басын біріктірді. Көмекке зәру жандарға қарасып, жомарт жандардың демеуімен ауыр науқасқа шалдыққан жандарға көмек қолын созу,игі істерді жүзеге асыру адамдардың мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін арттырып, Қазақстандықтардың бірлігін одан әрі мығымдай түседі.
Жомарт Бегімбет