23843388_1804293006292979_2972621368297580911_n

ОҚО делегациясы Санкт-Петербургтегі Эрмитажда болды

Санкт-Петербургте жүрген ОҚО-ның делегациясы дүниежүзіндегі ең үлкен музейлердің бірі Эрмитажда болды. Эрмитаж –Ресейдегі және дүние жүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени мұражай. Санкт-Петербург қаласында 1764 ж. Екатерина ІІ-нің  жеке қоры негізінде ұйымдастырылған. Мұнда әлем мәдениетінің 3 млн-ға жуық өнер туындылары мен құнды ескерткіш жәдігерлері қойылған.

23795771_1804293159626297_2145210142805227975_n

Эрмитаждың «Алтын орда» экспозиция залында жарты әлемнің билеушісі болған Ақсақ Темірдің тасы қойылған.

23843429_1804293186292961_5295880124334635781_n

img-20171125-wa0025

200 мың әскерімен Тоқтамысқа жорыққа шығарда Ақсақ Темірдің Ұлытауға аялдап, Алтыншоқыдан (Ұлытаудың күнбатыс бөктерінде Жетіқыз өзенінің жағасы) табылған тасқа өз Жарлығымен тарихи естелік сөз қалдыруы тарихтан белгілі.

img-20171125-wa0024

Оны алғаш рет геолог Қ.И.Сатбаев тапқан. Алтыншоқы белгі тасы туралы Қазақ энциклопедиясында: «Әмір Темір жаздырып қалдырған ескерткіш Ұлытаудың батыс жағындағы Сарлық алқабынан 12 км. жерде, Сөрелі өзенінің аңғарындағы Алтыншоқы биігінің оңтүстік батыс бөктерінен табылған. Ескерткішті 1934 жылы Ұлытау төңірегіне геологиялық саяхаты кезінде тауып, алғашқы ғылыми анықтамасын берген инженер- геолог Қ.И. Сатбаев. Бұл сол кезеңдегі шығыстану ғылымы үшін теңдесі жоқ жаңалық болды. Ескерткіш 1936 жылы Ленинградтағы (қазіргі Санкт Петербург) Эрмитажға жөнелтіліп, көрмеге қойылды», — деп жазылған. Шыңғыс ұрпағынан қалған сол тас ескерткіштің тұпнұсқасы бүгінде Эрмитаж төрінде тұрса, көшірмесі Ұлытауда.

img-20171125-wa0021

img-20171125-wa0019

img-20171125-wa0020

Мұнан соң, оңтүстікқазақстандықтар Санкт-Петербургтегі «Атамекен» қазақ мәдени диаспорасымен кездесуі болды. Ұлттық кітапхананың ғимаратында өткен бұл кездесу — заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің 120 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.

img-20171125-wa0013

img-20171125-wa0015Әлем таныған әдебиет майталманына деген құрмет — отандастарымыздың ерекше ықыласымен жалғасып отыр. Жылдар бойы батыр қалада мекенін тапқан қазақстандықтардың елімізге деген сағынышын да осы кездесуден айқын аңғаруға болды. Қазақстаннан барған делегацияның Санкт-Петербургте екендігін білген ұйым шараға арнайы шақыртты. Тілек пен ниет біреу.

img-20171125-wa0006

Асқан мейірбандықтың жарқын үлгісін сыйлап, М.Әуезов туралы бейнефильмді ерекше ықыласпен тыңдады. Бәйдібек ауданының тумасы Эржан Юсупов — жасы 83-те. Санкт-Петербургке білім қуып келген советтік дәуірде осында қалып, өмірінің жарқын сәттерін батыр қаламен байланыстырды. Жергілікті Университтердің бірінде шығыстанудан сабақ беретін жерлесіміз отандастарына үлкен сәлем жолдады.

img-20171125-wa0008

Делегация жетекшісі Дулат Әбіштің еңбегін жоғары бағалаған Эржан Сағымбекұлы «Айғақ » телеарнасының айбынды тірлігіне ақ жол тіледі.

img-20171125-wa0009

Эржан Юсупов — Ресейдегі қазақтан шыққан тұңғыш полиция-генералы. Санкт-Петербургтегі Суворовский атындағы әскери училищені тәмамдаған ол, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік Университетінің филология факультетін бітіреді.

img-20171125-wa0011

img-20171125-wa0012

Санкт-Петербургтың шығыстану факультетінің екі бағыты бойынша білімін жалғастырған. Шара барысында Оңтүстіктен келген делегация жетекшісіне мінберде сөз беріп, өзара пікірлесті. Айта кетейік, кездесу «Атамекен» қоғамдық ұйымының аясында осыдан он жыл бұрын құрылған «Достар» жастар қанатының атсалысуымен ұйымдастырылып отыр.

img-20171125-wa0016Кештің әсерлі әрі ұмытылмастай өтуіне ұйытқы болған да осы ұйым.

«Айғақ-ақпарат».

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!