img-20171124-wa0005

Оңтүстікқазақстандық делегация — Санкт-Петербургта

21 — қараша күні Шымкенттен Ресей астанасына іс-сапармен шыққан Оңтүстікқазақстандық делегация кеше Мәскеуден бір жарым сағат ұшақпен ұшып, Санкт-Петербургқа келді. Санкт-Петербург — Ресей Федерациясының солтүстік астанасы және әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі. Тап осы қала Батырлар қаласы деп аталады.

Алып шаһарда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтын ескеркіші бар.  Соғыс жылдары «Ленинградтық өренім» атты отты өлеңімен жау қоршауында қалған қала тұрғындарының бойында рух-жігер пайда болуына ықпал жасаған. Сондықтанда, Санкт-Петербург орталығында ұлы ақынға арналып ескерткіш бой көтерген. Тарихи қалаға келген бойда делегация мүшелері жыр алыбының ескерткішіне аялдап, гүл шоқтарын қойды.

img-20171124-wa0007

Сол күні Оңтүстік Қазақстан облысының делегация мүшелері 100 жылдық тарихы бар Ресей этнографиялық музейінің қызметімен танысты.

img-20171124-wa0008

Музей ішінде 150 ұлт өкілдерінің тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін насихаттайтын 500 мыңнан аса құнды жәдігерлер қойылған. Тіпті, бір зал Орта Азия халықтарына арналған. Қазақ халқының болмыс-бітімін көрсететін көрме зал да жұмыс жасайды.  Ол жерге ата-бабаларымыздың тұрмыста пайдаланған заттары мен ұлттық киімдерін көре аласыз.

Мұнан кейін, оңтүстікқазақстандық делегация Император І Александр атындағы Петербург мемлекеттік теміржол университетіне де аялдап, оқу орнының музейімен танысты.

img-20171124-wa0009

img-20171124-wa0003

img-20171124-wa0004Дәл осы оқу орнында Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев оқыған. Бұл университетте ол 1900-1906 жылдары оқыған.

Алыстан келген бізді музей директоры Сергей Харчук ыстық ықыласпен қарсы алып, музей тарихымен таныстырды. Өз кезегінде, ол Қазақстаннан арнайы келген делегация мүшелеріне М.Тынышбаев туралы тың деректер айтып, бабамыздың ізденімпаз, оқуда озақ болғандығын ерекше атап өтті.

img-20171124-wa0001

img-20171124-wa0002Сөз соңында екі тарап алдағы уақытта тығыз қарым-қатынас орнатып, Тынышбаев туралы ізденуде бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты.

«Айғақ-ақпарат».

 

 

 

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!