ҚР Бас Прокурорының 05.10.2017 жылғы бұйырығымен Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне Ержан Сакенұлы Бердібеков тағайындалды.
Е.С. Бердібеков 1975 жылдың 16 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Комсомол селосында дүниеге келген.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің заң факультетін бітірді.
Еңбек жолын 1996 жылдың қыркүйек айында Ақтау қалалық прокуратурасында тағылымдамашы, одан әрі прокурор көмекшісі болып бастады.
1998 жылдың маусымымен қараша айлары аралығында Маңғыстау облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саласындағы заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры болып тағайындалды.
1998 жылдың қараша айына бастап Маңғыстау облысының сот орындаушылар және приставтары Департаментінің директоры, одан әрі Маңғыстау облысы бойынша сот қаулыларын орындау комитеті Департаменті бастығының орынбасары.
2000 жылдың маусым айында Маңғыстау облысы прокурорының аға көмекшісі болса, осы жылдың қазан айынан бастап Маңғыстау облысы прокуратурасының бөлім бастығы болып қызмет атқарды.
2004 жылдың қаңтар айында Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуроры болып тағайындалды.
2006 жылдың қаңтар айынан бастап Маңғыстау облысы прокуратурасының Басқарма бастығы, облыс прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2010 жылдың ақпан айынан бастап 2011 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі болды.
2011 жылдың шілде айында Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры болып тағайындалды.
Соңғы қызмет орны Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары.