Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтар елге санавиациямен жеткізіледі. Әуе рейсі санитарлық авиацияның көмегімен ұйымдастырылды. Өз бетінше қозғала алатындары Қазақстанға оралды. Ал төртеуі әлі Анталияда. Оларға көмектесу үшін төрт туысы барды.
Айта кетейік, Түркияға Қазақстаннан демалуға барған жеті дос жантүршігерлік жол апатына ұшыраған еді. Жол-көлік оқиғасынан төрт түрік азаматы қаза тапқан. Ал қазақстандықтар түрлі дәрежеде жараланып, ауруханаға түскен болатын.
Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ Баспасөз қызметінің жетекшісі:
— Анталиядан өз бетінше қозғала алмайтын 4 адам Қазақстанға оралу керек. Нақты уақытын тағы хабарлайтын боламыз. Қалғандары Қазақстанға келеді. 4 адам санавиациямен келеді.
Дереккөз: 24.kz