Қалалық бағыттарда жұмыс жасауға байланысты келісім-шартты әкімдік бұрынғыдай 3 жылға емес, 10 жылға жасайтын болды. Тек жолаушы тасымалдаушы компаниялар 140 күннің ішінде өз автопаркін жаңартса ғана. Бұл қадам банктердің осы компанияларға жаңа автобус сатып алуға несие беріп, лизинг рәсімдеу үшін жасалып отыр.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов автобус паркін жаңалау келісім-шарты аясында жаңа 5 «ПАЗ-Вектор» автобусын сатып алған «Бек-сервис» компаниясының жетекшілерімен кездесті. Енді жаңа автобустар N34 бағытта жүретін болады.
Ал бұдан 1 апта бұрын қалаға жаңа Газель шағын автобустары келген. Олар N102 бағытта қатынайтын болады. «Мир и СО» компаниясының жетекшілері де шағын автобустарды қалалық әкімдікпен келісім аясында сатып алған болатын.
Еске салайық, көлік компаниялары өкілдерімен кездесу барысында Шымкент әкімі автопарктерді жаңарту жайлы еске салды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі