Мемлекет басшысы Ташкент қаласына келді. Ел астанасының әуежайында Нұрсұлтан Назарбаевты Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Сапар аясында екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған. Мемлекеттер басшылары келіссөздер аясында өңірлік күн тәртібіндегі негізгі аспектілерді және Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасын нығайту мәселелері талқыланатын болады.