Қазылар алқасы байқауға қатысқан 26 үміткердің өнерлерін сарапқа салу үстінде. Әрбір үміткердің сахна мәдениеті мен дауысы, әндерді орындай білу шеберлігі мен қабілеті сынды жан-жақты мәселелерін талқыға салып, ұпай сандарын анықтау үстінде. Шамалы сәттен соң Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауының биылғы жеңімпаздары анықталады.
Байқауда композитор, шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі Арыстанбекұлы қазылар алқасына төрағалық етсе, ҚР Мәдениет қайраткері, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Жұбаныш Жексенұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, облыстық опера және балет театрының директоры Нұрмағанбетов Әбдіхан Бескемпірұлы, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, ОҚО композиторлар қауымдастығының төрайымы, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, композитор Сәтмұхамбетова Құралай Шайзадақызы, ҚР Мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, жазушы-журналист Тайжан Бахтияр өнер додасына төрелік еткен болатын.
ОҚО мәдениет басқармасының баспасөз қызметі