mamaev-kurgan

СТАЛИНГРАД СҰРАПЫЛЫ САНАМЫЗДА

Сталинград шайқасына — 70 жыл!

dsc_0089

Қазақстан халқы соғыс­тың алғашқы күн­де­рi­нiң басында-ақ өздерiнiң бо­рышын өтеп, майдан­дағы ар­мияның қатарын то­лық­тырды. Мыңдаған жау­­ынгерiмiз жат елде жан тапсырып, ұрыс да­ла­­сынан жарақатпен орал­­­­­ды. Осыған орай, «Айғақ» телеарнасының тү­сiрiлiм тобы Ресей Фе­де­рациясындағы батыр қала Волгоград жерiнен тү­сi­рiлiм жасап қайтты. «Айғақ» Медианың» бас­шы­сы, облыстық мәс­ли­хаттың депутаты Дулат Әбiш бастаған шығарма­шылық топ бiр жетiге жос­парлаған сапар бары­сында Кеңес Одағының Батыры, жерлесiмiз Қар­сыбай Сыпатаев жерленген Қалмақ Рес­пуб­ли­касында да болды. Қазақтың қайсар ұла­ны, Ордабасы ауданының аза­ма­ты Тәлiп Мырзаев өшпес ер­лiк көрсеткен «Павлов үйiн», «Ма­май қорғанынан» арнайы тү­­сiрiлiм жасады.

dsc_0342

Сталинград майданында қа­зақ­стандық сұңқарлар мәңгi өш­пес ерлiк көрсеттi. Қазақтың қаһарман ұлы Нүркен Әбдiров 1942 жылы Орынбордағы авиа­учи­лищенi бiтiрген соң 267-авиа­ция дивизиясының құра­мын­дағы 803-авиациялық ша­буылшылар полкiне жiберiлдi. Сол полкте жүрiп 16 рет әуе шай­қастарына қатысып, фа­шис­тердiң 12 танкiсiн, 28 авто­м­ашинасын, 18-оқ-дґрi тиелген машинасын, 3 жанармай цис­тер­на­­сын, 8 зеңбiрегiн жойып жi­берiп, 80 немiс солдаты мен офи­церiн жойды. 1942  жы­лы 19 желтоқсанда 17-шi жау­ынгерлiк сапарына ИЛ-2 ұшқыштар звеносын басқарып шығып, жаудың Боков-Поно­ма­ревка ауданындағы бекiнi­сiн­де шоғырланған техни­ка­ла­рын жоюға аттанды. Сол са­па­рында өрт шалған ұшағын жау техникасы шоғырланған жерге бағыттап, қаһармандықпен қа­за табады. Асыл азаматтың cүйе­гi Ростов на Донуда жатыр. Бо­ков ауданы, Коньков ху­то­ры­ның шет жағасындағы мына бейiтте орыс, украйн, белорусь және өзге де ұлттың баһа­дүр­лерi жатыр. Десе де мұнда бiздi жетелеп әкелген қазақ баласы Нұркеннiң рухы!

dsc_0399

Ерлiгiне  сүйсiнген халық ес­керткiш қойды басына. Ал 1943 жылы 31 наурызда Нүркен Әб­дi­ровке Кеңес Одағының Баты­ры атағы берiлдi.

dsc_0426

1942 жылдыє 17 шiлдесi. Бұл Сталинград қаласының маєында қанды шайқас басталып, көк аспаны қара түнекке айналған күн. Волга, қазақша Едiл өзенiнiң жа­ғасына жайғасқан шаһарға немiс фашистерi тап берiп, үстi-үстiне бом­быны лақтырып жатты. Сол сәтте Кеңес Үкiметiнiң әскерлерi жан-жақтан бас қосып, әрбiр үй үшiн, қарыс қадам жер үшiн бастарын қауiпке тiгiп, жан аямай шайқасты. Дон мен Едiл өзенiнiң бойындағы Сталинград майданы 200 күнге ұласып, қаланың қақ­па­сы мәйiттен босамады. Сондық­тан, фашистер Сталинградқа ба­ра­тын жолды «өлiм соқпағы» деп атап, сол кездегi оқиғаны қор­қы­нышт­ы түс­ке теңептi. Дүниежүзi та­ри­хын­да қанмен жазылған Ста­линград шайқасы 1943 жылдыє ақпан айында аяқталып, Жеңiске Кеңес Одағының әскерлерi қол жет­кiздi. Дәл осы майданға 90 мыңға жуық Қазақстандық қа­ты­сып, өлiм қау­пiне елең етпей, ма­єы­зы зор үлес қосты. Сталинград шайқасы үшiн Қа­зақстаннан шыққан Ұшқыш Нүркен Әбдiров, ми­нометшi Қар­сы­бай Спатаев, полк командирi Т.Позолтин, взвод командирi Г.Рамаев Кеңес Одағының Батыры атанып, ел на­мы­сын көтердi. Алайда, қандас­та­ры­мызға кө­бiне Ресей елiнiң то­пы­ра­ғы бұйы­рып, жыраққа жер жас­тан­ды.

SONY DSC

Сталинград шай­қасына қатысқандардың құр­метiне байланысты төбеде биiктiгi 85 метр, салмағы 8 мың тоннаны құрайтын алып ескерткiш тұр. Мұнда Кеңес Одағының 37 Батырына шексiз құрмет көр­се­тiлiп, есiмдерi жазылған белгi тас­тар қойылыпты. Соның алдыңғы қатарынан батыр бауырымыз Нүркен Әбдiровтың аты-жөнiн оқып, кеудемiздi мақтаныш се­зiмi кернедi.

dsc_0626

Сталинград майданы Қазақ­станға ең жақын жер болатын. Сон­дықтан, бұл маєда күрескен қазақстандықтар артқа бiр қадам шегiнбестен, қамалды қорғады. Қа­зақстаннан көптеген техни­ка­лар, қажеттi заттар жiберуде тыл­да­ғылар да аянбаған. Мәселен, ба­тыр қаланың әр кiрпiшi үшiн со­ғы­сып, жауды жеңгендердiң бiрi «Павлов үйiн» қорғаған кiшi гар­ни­зон азаматтары. Әр ұлттың өкiл­дерiнен құралған жауын­гер­лер осы үйдi азат етiп, қорғап қалу үшiн барын салған. Соның ор­та­сын­да тек бiр қазақ болыпты. Ол — Оңтүс­тiк Қазақстан облысы, Орда­ба­сы ауданы Бадам елдi мекенiнiң ту­масы, жерлесiмiз — Тґлiбай Мыр­заев. Жаудың оғынан “Павлов үйiн” қорғап, ерлiк көрсеткен ер­дiң есiмi үйдiң қабырғасындағы ме­­мо­ри­алды тақтада жазулы түр. Волгоград қаласына Қазақ­стан­нан барған топты Павлов үйiнiң тө­менгi қабатында Ұлы Отан соғы­сы­ның ардагерi, полковник — Вла­ди­мир Туров қабылдады. Жасы 95-ке таяған қария талайдың көзiн кө­рiп, қиындықты бастан кешкен. Со­ғыс жылдарындағы қиян-кескi ұрыстар мен қазақ ұлдарының ерлiгi туралы баяндаған ол көзiне ерiк­сiз жас алды.

glava-sholohovskogo-rayona

dsc_0546

Коньки хуторы деген жерде жатқан қан­да­сымызға туған Ота­нында ар­найы белгi тас жасаттық. «Ай­ғақ» телеарнасының басшысы се­бепкер болған ескерткiш тақ­тай­ша­ны ба­сына орнатудағы негiзгi мақ­сат iз­деушi елi, сағынатын жұр­­ты бар еке­нiн сез­дiр­ту. Аты-жөнi, өмiр сүрген жылдары жа­зыл­ған тақ­тай­шаны ор­натып болған соң, құ­ран бағышталып, мұсыл­ман­дық дәс­түр жасалды.

dsc_0131

 

dsc_0269

glava-bokovskogo-rayona

dsc_0523

2016 жыл.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!