«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 101-бабы 4-тармағы, 113-бабы 1-тармағының негізінде, ОҚО-ндағы кейбір мәслихат депутаттарының өкілеттілігінің мерзімімен бұрын тоқтатылуына байланысты облыстық аумақтық сайлау комиссиясы шешімімен 2017 жылдың 29 қазан күні ОҚО мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына төмендегі округтер бойынша сайлау тағайындалды:
Облыстық мәслихатының №11 сайлау округі бойынша.
Облыстық мәслихатының №35 сайлау округі бойынша.
Облыстық мәслихатының №49 сайлау округі бойынша.
Облыстық мәслихатының №50 сайлау округі бойынша.
Шымкент қалалық мәслихатының №22 сайлау округі бойынша.
Түркістан қалалық мәслихатының №7 сайлау округі бойынша.
Сарыағаш аудандық мәслихатының №22 сайлау округі бойынша.
Осыған байланысты, ОҚО аумақтық сайлау комиссиясы 29-қазанға тағайындалған ОҚО мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жосапарын жариялады.