kazbek-bi

Қарқаралы жерінде Қазыбек бидің 350 жылдығы тойланбақ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Айғақ» телеарнасы «Туған жер – құтты мекенім» атты циклді бағдарламалар санын түсіріп, оңтүстік көрермендерінің назарына ұсынып келеді. Кең – байтақ қазақ даласының тұмса табиғатын, сырын ішіне бүккен шежірелі тарихын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттап, ұлттық кодты сақтап қалу мақсатындағы телеарнаның кезекті сапары Қарағанды облысында жалғасын таппақ.

Яғни, 19 тамыз күні Қарағанды облысы, Егіндібұлақ жерінде өтетін Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойына арнайы шақырту алған «Айғақ» телеарнасының шығармашылық тобы бүгін Арыстан баб кесенесінде түнеп, таңертең Түркістан қаласына аялдайды.

Яғни, Қ.А.Яссауи кесенесінде Қазыбек бидің әруағына құран бағыштап, құрбандық шалу жоспарлануда. Мұнан кейін, Жамбыл облысына жолға шығатын шығармашалық топ Шу ауданы Жайсан жазығындағы Төлеби бабамыз дүниеге келген жердегі ескерткіш белгіге гүл шоқтарын қояды.

Қарағанды қаласында жалғасын табатын сапар аясында «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторымен сұхбат жүргізіп, облыс орталығындағы өлкетану мұражайында арнайы түсірілім жасалмақ.

Айта кетейік, Қарқаралы жерінде өтетін Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған іс-шараның ашылуына ОҚО-нан қатысатын делегация құрамы:

  1. Топ басшысы, ОҚО мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов;
  2. ОҚО мәслихатының депутаты, ОҚО Қоғамдық Кеңес мүшесі, «Айғақ» Телерадиокомпаниясының бас директоры Дулат Әбіш;
  3. Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің мүшесі Сейдахмет Байдәулетов;
  4. Ақын, журналист Нармахан Бегалыұлы;
  5. Медицина ғылымдарының докторы, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Иманәлі Байдәулетов;
  6. Жазушы, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Сабырбек Олжабай;
  7. Түркістан қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Букебаевтар бар.



Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!