Қазақстанда 2017 жылдың басынан бері ұлттық компания мен холдингтерінің 60 активі сатылған. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Ал республикалық және коммуналдық меншіктер 6,38 млрд теңгеге саудалаған. Олардың ішінде кешенді жоспар — 6,21 млрд теңгенің 56 меншігі. Сонымен қатар, саудада 120 объекті тұр.
Статистикаға сәйкес, 2013 жылдан бері жекешелендіру бойынша 126,905 млрд теңгеге 462 меншік сатылған (кешенді жоспарда — 63,88 млрд теңгеге 232 меншік). Оның ішінде:
- республикалық меншіктер — 31 (11,14 млрд теңге; кешенді жоспар — 7,54 млрд теңгеге 20 меншік);
- коммуналдық меншік — 223 (20,32 млрд теңге; кешенді жоспарда — 17,26 млрд теңгеге 115 меншік);
- ұлттық холдингтер — 88,57 мрд теңгеге 98 активтері (кешенді жоспарда — 35,30 млрд теңгеге 51 дана);
- ұлттық компаниялар — 6,87 млрд теңгеге 110 актив (кешенді жоспарда — 3,78 млрд теңгеге 46 дана).
Ең көп сатылым 2016 жылы болған — 47,1 млрд теңгеге 146 меншік.
Қазақстандағы жекешелендіру жылдарында ең белсенді сатып алушылар жеке тұлғалар болған — 30,6 млрд теңгеге 243 меншік алынған (кешенді жоспар бойынша — 11,30 млрд теңгеге 120 объект). Ең ірі мәмілелерді заңды тұлғалар жүргізген — 94,82 млд теңгеге 207 актив пен жеке меншік (кешенді жоспар бойынша — 51,1 млрд теңгеге 103 меншік).
Ең белсенді аймақ Алматы қаласы болды — 111 мәміле (53,56 млрд теңге), ал екінші орында мемлекеттегі резидент емес азаматтар — 10 мәміле (31,93 млрд теңге), үшінші орында — Жамбыл облысы (33 мәміле — 12,11 млрд теңгне) мен Қостанай облысы (345,13 млн теңге).
Тізімде 13,31 млрд теңгеге меншік алған қай аймақтан екендігі белгісіз сатып алушы тіркелген.
Дереккөз: 7kun.kz