Қазақстанда тапшы дәрілердің бағасы қымбаттамайды, деп уәде берді ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
«Нарықта бәсекелестік жағдайын сақтау мақсатында мемлекет дәрілерге шекті бағаны белгілейді, соның негізінде әр дистрибьютор немесе дәріхана жеңілдікпен өз бағаларын ұсына алады. Алайда аталмыш жүйе өндірушілер мен дистрибьюторларға қандай да бір дәрілер тапшы болған кезде негізсіз оның бағасын көтеруге және үстінен пайда табуға мүмкіндік бермейді», — деді Е.Біртанов сейсенбі күні үкімет отырысы барысында.
Ол қағида жобасы есебінен дәрі-дәрмектердің бағасының жоғары болуын болдырмауға болатынын айтты, яғни соған сәйкес әр өндіруші өзі өндірген дәрісінің құнын тіркейді, сосын тауарды жеткізу, кедендік рәсімдеу, қауіпсіздік және сапа бағасы қосылған тіркелген баға бекітілетін болады.
«Тіркелген бағасы белгілі болғаннан кейін министрлік белгіленген регрессивті шкалаға сәйкес дәрілердің көтерме саудадағы шекті және бөлшек саудадағы ең жоғары бағасын белгілейді», — деді Е.Біртанов.
ҚазТАГ
Фото: Med.cap.ru