ee076daad41880f19b5b6fd3c7d2374f

Мемлекет басшысы «Россия 24» телеарнасына сұхбат берді

Елбасы Астананы салу тарихы жөніндегі сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан елордасының төңірегіндегі жасыл аймақты дамыту барысын әңгімеледі — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік телеарна тілшісіне еліміздің бітімгершілік миссиясының мақсаттарына, әлемдегі қақтығыстарды реттеу жөніндегі Қазақстан қызметінің нәтижелеріне тоқталды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті ел экономикасын жаңғырту үдерісі және индустриялық-инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асыру нәтижелері туралы айтып берді.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!