• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Ақпан 18, 2019
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Денсаулық
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Жобалар
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ж.Түймебаев қоғамдық қабылдауда тұрғындардың мәселесін тыңдады

01.07.2017
0
Ж.Түймебаев қоғамдық қабылдауда тұрғындардың мәселесін тыңдады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының  төрағасы Жансейіт Түймебаев  партия филиалының бас  ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді — деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір тұрғындары ауылдық жердегі электр бағаналарының ескіргенін, медициналық сақтандыру жүйесі, әйелдер гендерлік саясатының мәселелерін қаузап,  Нәзір Төреқұловтың туылғанына 125 жыл толуын атап өту,  тұрғын үй кезегін жылжыту жөнінде көмек сұрады.  Алдына келген әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған өңір басшысы тиісті орындарға тапсырмалар берді.

Оқи отырыңыз...

Жаңалықтар. 14 ақпан, 2019 жыл.

Жаңалықтар. 15 ақпан, 2019 жыл.

16.02.2019
Жаңалықтар. 14 ақпан, 2019 жыл.

Жаңалықтар. 14 ақпан, 2019 жыл.

16.02.2019

Қоғамдық қабылдауға келген Сайрам ауданы Теспе елдімекенінің тұрғыны зейнеткер Жамалбек Пернеев   ауылдағы электр бағаналарының ескіргенін айтып шағымданды.

«Ауылымыздағы электр бағаналары әбден тозып, құлаудың алдында тұр. Бұл мәселені көтьеріп, аудан басшылығына да шағым түсіргенбіз. Алайда бұл мәселенің оң шешімі болмау тұр»,- деді зейнеткер.

Облыс әкімі аталған мәселенің 2018 жылы инвестициялық бағдарлама аясында шешілетінін айтты.

«Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округі, Теспе ауылында орнатылған 6,254 шақырым электр желісі мен трансформатор «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің теңгерімінде.  2016 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-гі инвестициялық бағдарламасы есебінен жарамсыз 12 дана ағаш бағаналары сымдарымен ауыстырылған. Ал биыл қосымша 1 дана қуаты 100 кВА болатын трансформатор орнату жоспарда бар. 2018 жылғы инвестициялық бағдарламаға сәйкес тұрғындарды қамтамасыз етудегі 100 кВА трансформаторды 160 кВА трансформаторға, төменгі кернеулі 0,4 кВ-тық электр бағаналары мен қоса электр желісін толығымен ауыстыру жоспарланған», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Мұнан соң әкім алдына облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосова кірді. Баян Айтбекқызы өңіріміздегі әйелдер қауымының және отбасы құндылықтарын сақтау төңірегіндегі қордаланған мәселелерге тоқталды.

Алматы қаласының тұрғыны Нәзір Төреқұлов халықаралық қайырымдылық қорының президенті  Әбдіжаппар Сапарбаев қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың туылғанына 125 жыл толуын оңтүстік жерінде атап өтуді  сұранды.

Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ОҚО филиалының төрайымы Аяниязова Рита ауылдық жерлердегі медициналық сақтандыру жүйесінің орындалу барысын сөз етті.

Ал Сайрам балалар үйінің түлегі Луиза Салимжанқызы 2013 жылдан үй кезегіне тіркелгенін, алайда баспанаға қол жеткізе алмай отырғанын және күйеуінің жұмыссыз жүргенін айтып шағымданды. Кездесу барысында әкім шағымданушыға жыл соңына дейін пәтер берілетінін мәлімдеп, жұмыссыз жүрген отағасын жауапты азаматтарға еңбекпен қамтамасыз етуді тапсырды.

ShareTweetPin
Алдыңғы мақала

Оңтүстікте сұйылтылған газ бағасы арзандады

Келесі мақала

Медициналық сақтандыру аясындағы алғашқы аударымдар қорға 25 тамызға дейін түседі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ Бас тарту

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңалықтар. 14 ақпан, 2019 жыл.

Жаңалықтар. 15 ақпан, 2019 жыл.

16.02.2019
Жаңалықтар. 14 ақпан, 2019 жыл.

Жаңалықтар. 14 ақпан, 2019 жыл.

16.02.2019
Конституциялық кеңес Назарбаевтың сауалына жауап берді

Конституциялық кеңес Назарбаевтың сауалына жауап берді

16.02.2019
Женщину наградили за спасение мальчика от педофила в Шымкенте

Женщину наградили за спасение мальчика от педофила в Шымкенте

16.02.2019
Сапарбаев рассказал, как в Актюбинской области будут помогать многодетным семьям

Сапарбаев рассказал, как в Актюбинской области будут помогать многодетным семьям

16.02.2019
ТҰРҒЫН ҮЙ СЕКТОРЫНЫҢ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ КҮНІ

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕКТОРЫНЫҢ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ КҮНІ

16.02.2019
К.Нукенов назначен на должность замакима Павлодарской области

К.Нукенов назначен на должность замакима Павлодарской области

16.02.2019
Facebook Twitter VK Youtube Instagram
"Айғақ" ақпараттық порталы

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телекомпаниясы"

Тел.: +7 725 230 10 86, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2018. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Денсаулық
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Жобалар
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2018. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.