Бүгін сағат 11-00 — де ОҚО әкімдігінің ғимаратында ОҚО мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті. Басқосудың күн тәртібінде — «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағына ұсыну мәселесі қаралған болатын. Осылайша, «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағына ұсынылған азаматтар тізімі:
1. Бөлтаев Қуанышбек Көлбайұлына – «SGT Казахстан» ЖШС кеңесшісі – 1974 жылы Түлкібас ауданында туған. Еңбек жолын 1977 жылдан партия, кеңес және мемлекеттік қызмет салаларында батап адал еңбек етті. 1995-2005 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, заңнамалық және құқықтық реформасы Комитетінің мүшесі. ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған. 2009-2013 жылдары «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Орталық аппаратының жауапты қызметкері болған. ҚР Құрмет грамотасы, «Алтын Барыс» төсбелгісімен марапатталған.
2. Дайырбеков Орынбай Дайырбекұлына – А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы Стратегия және коммерциялық дамуы бойынша басқарма кеңесшісі. Еңбек жолын 1968 жылы Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің республикалық госпиталінде дәрігер-рениматолог қызметінен бастаған. 1971-1988 жылдары клиникалық және экспериментальды хирургия институтының аспиранты, Алматы қаласы №4 клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің медеу жұмыстары жөніндегі орынбасары, Алматы клиникалық ауруханасының бас дәрігері, Алматы облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері қызметтерін атқарған. 1988-1999 жылдары А.Н.Сызғанов атындағы клиникалық және экспериментальды хирургия Қазақ ғылыми зерттеу институты директорының орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппараты басқармасының бастығы болған.1999-2012 жылдары ОҚММА ректоры, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бас дәрігері, директор, директордың орынбасары лауазымдарын абыроймен атқарып келеді. «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Төлеби ауданының Құрметті азаматы.
3.Куликова Валентина Купряноваға – «Отырар» телеарнасының директоры. 1944 жылы Ресей Республикасында туған. Еңбек жолын 1963-1964 жылдары Ресей театрларында әртіс болып бастаған. Шымкент қаласының алғашқы авторлық телеарналарында жұмыс жасаған. «Редакция Рабат» ЖШС директоры, «Дата» ЖШС директоры, «Собкор» ЖШС директоры, «Құрмет» орденінің иегері.4. Мелдеханов Өмірзақ Пердебекұлына – ОҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы. Өндірістік саласында шебер болып бастап, көп жылдары басшылық орындарда қызмет атқарып, осы саланы дамытуға өз үлесін қосып келуде. 1995-1999 жылдары Облыстық самбо және қазақша күрес федерациясының және Азия федерациясынының вице-президенті болды. Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі, банк және қаржы мәселесі бойынша доктор. 1994 жылдан бастап облыстық мәслихаттың депутаты, 2003 жылы – мәслихаттың депутаты, 2003 жылы – мәслихаттың мемлекеттік құқық мәселелері, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы. Ғылыми еңбектер, мақалалар мен бірқатар кітаптардың авторы. 2006 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы. Бүгінде облыстық мәслихатының депутаты, облыстық мәслихаты азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы. ОҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы. Шымкент қаласының Құрметті азаматы.
5.Нұрбеков Марат Нұрбекұлына – сот саласының ардагері. Еңбек жолын 1972 жылы Шығыс Қазақстан облыстық сотының мүшесі қызметінен бастаған. 1977-2008 жылдары Маңғыстау облыстық сотының төрағасы, Маңғыстау облыстық атқару комитеті Әділет бөлімінің бастығы, облыстық сотының төрағасы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы, Алматы қалалық сотының азаматтық істері бойынша алқа төрағасы, судьясы қызметтерін атқарған. Сот саласында 36 жылдан астам уақыт бойы білікті судья, іскер басшы лауазымдарын абыроймен атқарып Алматы қалалық сотының судьясы қызметінен отставкаға шыққан.6. Орман Анарбек Оңғарұлына – «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС бақылау комитетінің төрағасына; Еңбек жолын 1972 жылы Ташкент облысында су арнасының жұмысшысы болып бастаған. 1972-2012 жылдары Шымкент қаласы «Водоканал» басқармасының жұмысшысы, басқарма бастығы, ОАО «Водоканал» басқармасының бастығы, Шымкент қаласының әкімі, облыс әкімінің орынбасары, Шымкент «Водоканал» басқармасы МКМ бас директоры Шымкент қаласының әкімі, ҚР ауыл шаруашылығы және су ресурстары комитетінің төрағасы, «Водоканал» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарған. 2012 жылдан бастап «Ақ жол» демократиялық партиясының ОҚО төрағасы, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖСШ бақылау комитетінің төрағасы болып еңбек етіп келеді. Шымкент қаласының «Құрметті азаматы».
7.Осман Асле Әлиқызына – Алматы облыстық Әзірбайжан этномәдени орталығының төрайымына; Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге сіңірген көптеген еңбектері жарық көрген және ғылыми жинақтар жазуға қатысқан. Әртүрлі өзекті тақырыптарға арналған 400 астам ғылыми мақалалары мен басқа тілдерден аудармалары жарияланған. Елдегі бірлікті сақтауға, этносаралақ және конфессияаралық қатынастарды әрі қарай нығайтуға өз үлесін қосып келеді. Қазіргі таңда, Алматы облыстық Әзірбайжан этномәдени бірлестігін басқарып келеді. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор және қоғам қайраткері. Алматы облысы және Түлкібас ауданының «Құрметті азаматы».
8. Сейтжанов Серікжанға – «Саутс-Ойл» ЖШС президенті. Қызылорда облысының, Сырдария, Шиелі аудандары мен Шымкент қаласының, Созақ, Отырар аудандарының «Құрметті азаматы».
9. Тәңірбергенов Рахым Көлбайұлы – Түркістан қаласы «Жолаушы Рахым и КО»ЖШС құрылтайшысы. Түркістан қаласының «Құрметті азаматы».