Бүгін ОҚО әкімдігінде өткен селекторлық жиында ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев ОҚО Мемлекеттік сатып алу басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Ол Ерғали Дәулетбекұлы Білісбеков.
Бәйдібек ауданының тумасы еңбек жолын ОҚО, Алғабас ауданында мастер-құрылысшы бастап, 1990-2008 жылдары «Гелиоинвест» КӨ директорының орынбасары, «Ақ Ниет» брокерлік фирмасының директоры, «Азия-Экспорт» ЖШС атқарушы директоры, «Береке» ЖШС директоры, «Каз НТЕВ» ЖШС-нің Бас директоры болып қызмет еткен.
Еңбек жолында Ерғали Дәулетұлы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру-жұмыстары және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.
2014 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің ОҚО бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып еңбек етіп келген.