Бауырлас Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттерінің ынтымақтастығы одан әрмен жандана түспек. Өйткені, Тәуелсіз мемлекеттер достастығында ең үлкен сауда қатарынан көрінген «Дордой» базары енді Шымкент арқылы өзге мемлекеттерге өз өнімдерін таратпақ ниетте. Әзірге инвестиция көлемі 4-5 млн долларды құрап отырған Дордой ассоциясы басшылығының алдағы жұмыс жоспары көп. Ұлы Жібек жолының өркендеуіне мән беріп отырған кәсіпкерлер инвестициялық келісім бойынша көтерме сауда иелерін Оңтүстікке алып келеді. Есесіне, Бекжан базары «Шымкент-Дордой» деген жаңа атауға ие болды.
Салтанат Тойболова