Құрметті оқырман қауым! «Айғақ» республикалық газетінің жаңа санында:
Еліміз бойынша отандық өнімді қолдап, өрісін кеңейткен Оңтүстік өңір қашанда көш басында. Осы ретте, өңірде өндірілген өнімдерді жарыққа шығару мақсатында жәрмеңке өткізілді. Мұнда әр түрлі тауарлар өнімі ұсынылды. Сонымен қатар, облысымыздың үздік өнімдері анықталды. Бұл байқаудыңжеңімпаздары кімдер? Толығырақ газетімізде.
Теріскей өңіріне жаңа әкім тағайындалды.
«Самұрық-қазынаның» қарызы қолдағы активінен 1,5 есе көп
Гүлісхан Нахбаева – Азияның күміс жүлдегері атанды
Жалдамалы жалған пәтерлердің жарнамасы жойылады. Бұдан былай пәтерді жалға беру туралы жарнама тек қана белгілі сайттарда ғана жарияланатын болады.
Астанада келесі жылдан бастап өзен таксиі жолаушыларды тасымалдайтын болады.
Биыл пітір адам басына 300 теңге болып бекітілді.
«Серпін» бағдарламасы серпінділік танытып келеді.
Басылымның 4-ші бетінде «Аазаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ ОҚО бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің директоры Бахыт Басымбек: «Еліміздегі өзгеріс. Жәрдемақы мен зейнетақы өсуде» дейді «Айғақ» газетінің тілшісіне берген сұхбатында.
Шығыста әлемдік деңгейдегі жарыс өтті.
Облыста Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы «Берекелі бірлікпен рухани жаңғыруға» атты тақырыппен өтті. Толығырақ газетімізден оқи аласыздар.
Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толу мерейтойы қарсаңында. «Қазақстан полициясы кәсіби құрылымға айналды» дейді «Нұр Отан» партиясының хатшысы, ел тарихындағы тұңғыш азаматтық Ішкі істер министрі , бұрынғы бас полицей Зауытбек Тұрысбеков тілшілерге берген сұхбатында.
Биыл Қазақстан Республикасы рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл. Осыған орай, «Айғақ» газетінің тілшілері ҚР Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібековпен сұхбаттасты. «Елтаңбада ұлттық құндылықтардың дәріптелуіне ерекше мән бердім» дейді өзінің сұхбатында.
Олжас философиясы. Қазақстанның Еңбек ері, ақын Олжас Сүлейменов туралы бір үзіс сырды философия ғылымдарының кандидаты, доцент Абдіжаппар Тұрашбеков айтады.
Сіз, білесіз бе, балаңыздың немен ойнайтынын? Ойыншықтардың барлығы қауіпсіз екеніне сенімдісіз бе? Қандай ойыншықтарды алмаған жөн? Толығырақ «Тұтынушы» айдарында.
Қазақстан мен Ресей дәрігерлері Шымкентте облыстық онкологиялық диспансерінде ота жасады. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру ең алдымне адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттырады. Бұл ақпараттың барлығы «Денсаулық» айдарында толықтай қамтылған.
1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы ретте, әлемнің ерекше дарынды бүлдіршіндері жайлы және АҚШ психологы жүргізген тәжірибені, балалар туралы қызықты деректердің барлығын газетіміздің 14-бетінде оқи аласыздар.